СҚО-да оқушылардың тыйым салынған сайттарға кіруіне жол берген 74 директор жазаланды

Қаракөз Амантай 11 там. 2025 12:13

Солтүстік Қазақстан облысында 11 мыңға жуық оқушы білім алатын 74 мектептің директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұған мектеп компьютерлерінен тыйым салынған сайттарға еркін кіру мүмкіндігінің болуы себеп болған.

“Белгіленген талаптарға қайшы, мектептерде өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, соның ішінде суицид пен зорлық-зомбылыққа итермелейтін материалдар орналастырылған тыйым салынған сайттарға кедергісіз кіру мүмкіндігі болған”, – делінген ресми мәлімдемеде.

Бұзушылықтар Петропавл қаласында, Мәлік Ғабдуллин,Қызылжар, Тимирязев және Уәлиханов аудандарында анықталды.

Прокуратураның араласуынан кейін аталған сайттарға қолжетімділік шектелді. Мектеп басшыларына 10 айлық есептік көрсеткіш (39 320 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар