ШҚО-да омартада жұмыс істеп жүрген 58 жастағы ер адамға аю шабуылдаған

ШҚО-да омартада жұмыс істеп жүрген 58 жастағы ер адамға аю шабуылдаған
ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысында омартада жұмыс істеп жүрген 58 жастағы ер адамға аю шабуыл жасады. Оқиға шілденің соңында Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығына жақын маңдағы демалыс базасының жанында болған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, аю ер адамға кенет тап берген. Сол маңда болған екі ер адам оған аюдан қорғануға көмектескен. Осыдан кейін жануар оқиға орнынан қашып кеткен.

Зардап шеккен ер адам ауруханаға жеткізілді. Ол бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатып, кейін жарақат бөліміне ауыстырылған. Риддер қалалық ауруханасы мәліметінше, ер адамның басы, қолы мен аяғында көлемді жарақаттар болған. Сонымен қатар, қолы мен аяғы сынған, сүйектер орнынан ығысқан.

19 тамызда ер адам ауруханадан шығарылды. Қазір ол үйінде ем қабылдап жатыр.

Оқиға орнына орман және аңшылық шаруашылығының инспекторлары барған. Аюдың көзі жойылған.