СҚО-да жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты

Сағыныш Сардарова 08 қаң. 2026 17:25

Солтүстік Қазақстан облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Астана – Петропавл тасжолында болған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы көз жұмды.

Өңірдің Полиция департаментінің мәліметінше, 8 қаңтарда Toyota Camry көлігі мен Shacman жүк көлігі жол апатына ұшыраған. Алдын ала дерекке сәйкес Toyota Camry қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, қарсы келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан.

Бұл оқиғаға байланысты соталды тергеу басталды.

СҚО Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар