Қоғамдастық жиынына ауыл әкімі Серік Сахиұлы, Сызған ауылдық округінің қоғамдастық төрағасы С.Байс және мүшелері қатысты.
Жиында «Бала шұқырой» және «Ақтамсай» тоғандарының ұсыныс мәселесі қаралды. «Бала шұқырой» тоғаны Кеңес өкіметі кезінде Қозмолдақ елді мекені мен "Біләл" егістігі суғарылған.
1987- 1988 жылдар шамасында тозығы жетіп, бұзылып кеткен болатын, қазіргі таңда қайта салу мәселесі көтерілуде.
Осы орайда «Бала шұқырой» тоғанына су келу мәселесі қиындық тудыратын болғандықтан қоғамдастық мүшелері «Ақтамсай» тоғанын салу тиімді екенін айтып, бірауыздан шешімге келді және аудандық қоғамдық кеңес төрағасына ұсыныс хат жіберілетін болды.
Егер «Ақтамсай» тоғаны салынса Басбұлақ, Қозмолдақ елді мекендері және Біләл егістік алқабына су жетіп, халық игілігіне жарайтын еді.