Жиында аудан әкімінің міндетін атқарушы Б. Әлмағанбет ашып, жүргізіп отырды. Аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әбенұлы Бауыржан хабарлама жасап, тұрғын үй кезегінде тұрған санаттарға тоқталып, бұл бағдарламаның баспаналы болуға үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті.
Сондай-ақ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Облыстық филиалының маманы Асанов Жанболат Талғатұлы бағдарламаны несиелендіуге қатысты мәселелерге тоқталды.
Тұрғындар тарапынан бағдарламға қатысты сауалдар қойылды. Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасының, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Убайдин Бахтыбек Тоқбергенұлына сұрақтарға жауап беріп, жиынды қортындылады.
Жиынға ауылдық округтері мен кенттері әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен қызметкерлері, мекеме басшылары, білім беру, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Dalanews.kz