"Соншалықты бір қиналған халықты көрмедім" - депутат Бапи қымбатшылық туралы

Сағыныш Сардарова 02 қыр. 2025 17:52

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи демалыста ел ішін аралағанын, қымбатшылықтан қиналған халықты көрмегенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Соншалықты бір қиналған халықты көрмедім. Әрине, қымбатшылық туралы әңгіме бар. Бірақ Шығыста болдым, Семейде болдым, Алматы облысында болдым. Біраз жерде болдым. Қатты бір қиыншылыққа тап болған халық бар дегенді көрген жоқпын. Жекелеген отбасылар бар екен. Қыркүйекке балаларына киім ала алмай отырған. Оларға көмек көрсету жөнінде азды-көпті әрекеттер жасадық", - деді депутат журналистерге сұхбатында

Айта кетейік, бүгін Мәжіліс пен Сенаттың бірлескен отырысы өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
Жемісті 7 кітап
02 қыр. 2025 17:40