Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен облыстық мәслихат халық саны 50 адамнан кем 45 ауылды тарату туралы қаулының бірлескен жобасын жариялады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Құжатта бұл ресурстарды басқаруды оңтайландыруға және аймақтың ірі елді мекендерінің тұрғындары үшін жағдайды жақсартуға мүмкіндік беретіні айтылады.
Мәселен, Аққайың ауданы: Лесные Поляны (Полтава ауылдық округі); Сенное (Власовка ауылдық округі; Үлгі (Иваново ауылдық округі).
Есіл ауданы бойынша:
- Калиновка (Амангелді ауылдық округі);
- Славянка (Заградов ауылдық округі);
- Алқа (Қараағаш ауылына қосылған, Заречный ауылдық округі);
- Гурьяновка (Чириковка ауылына қосылған, Заречный ауылдық округі);
- Жекекөл (Петровка ауылына қосылған, Петровский ауылдық округі);
- Оседлое (Петровка ауылына қосылған, Петровский ауылдық округі);
- Тамамбай (Бесқұдық ауылына қосылған, Бесқұдық ауылдық округі);
- Новоузенка (Леонидовка ауылына қосылған, Корнеевский ауылдық округі).
Айта кетейік, құжат 27 қарашаға дейін көпшілік талқылауында болады.
2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша елімізде 6208 ауылдық елді мекен бар. Кейінгі 5 жылда ауылдар саны 6341-ден 6208-ге дейін, яғни 133 ауылға азайды.