Солтүстік өңірдегі жүргізушілерге қысқы дөңгелекке ауыстыру қажет екені ескертілді

Сағыныш Сардарова 03 қаз. 2025 09:14

Астана қаласының Полиция департаменті көлік жүргізушілеріне көлікті қысқы маусымға дайындау қажет екенін еске салды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Күн суыта бастады, ал алда тайғақ жолдар, қар мен көктайғақ болады. Осыған байланысты полиция жүргізушілерге қысқы дөңгелекті уақытылы, қыс басталуын күтпей ауыстыруға кеңес берді.

"Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес желтоқсан, қаңтар және ақпанда көлікті тек қысқы дөңгелекпен пайдалану қажет", – деді елордалық ПД өкілі.

Сонымен қатар, ведомство ауа райына қарай қысқы дөңгелекке ауысу мерзімі ертерек белгіленуі мүмкін екенін атап өтті. Астанада суық әдетте қысқа дейін түсетіндіктен, дөңгелекті алдын ала ауыстыру қажет.

Полицейлердің айтуынша, температура төмендеген кезде жазғы дөңгелектер нашарлап, көлікті басқару қиындай түседі.

Айта кетейік, 1 желтоқсаннан бастап Қазақстандағы барлық көлік жүргізушісі қысқы дөңгелекпен жүруге міндетті. Жол ережесіне сәйкес қыста жазғы дөңгелекпен жүруге тыйым салынады, ал бұл ережені бұзса, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар