Смайылов бастаған аудиторлар тексеріс жүргізді: бірнеше шенеунік жауапқа тартылды

Сағыныш Сардарова 10 қар. 2025 11:43

Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік аудиттен кейін 28 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудиттен кейін ветеринариялық, фитосанитариялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты бірқатар лауазымды адам мен маман тәртіптік жауапқа тартылды. Бұл саладағы тексеріс биыл тамызда өткізіліп, оның барысында түрлі заңбұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды. 

Нәтижесінде 28 жауапты адам әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

  • ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі: Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры, ғылыми қамтамасыз ету, ішкі сауда және микрокредиттеуді мониторингтеу басқармаларының басшылары;
  • Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті: Комитет төрағасының орынбасары, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және биологиялық қауіпсіздік басқармаларының басшылары, «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары;
  • Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті: Комитет төрағасының орынбасары, Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының басшысы, Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекцияның бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы;
  • «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ: Ауыл шаруашылығы өнімдерін есепке алу және сақтау департаментінің директоры, басқарушы директор – Басқарма мүшесі;
  • Қазақстан егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты: Басқарма төрағасының ғылым жөніндегі орынбасары, бас экономист, бас бухгалтер, майлы дақылдар зертханасының меңгерушісі;
  • Қазақстан қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты: бас ғылыми қызметкерлер, бас инженер, Семей филиалының бухгалтері;
  • С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті: Ғылым және инновациялар департаменті директорының орынбасары;
  • «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы: Кредит беру және активтерді басқару департаментінің директоры;
  • «Тобыл» ӘКК: инвестициялық жобалар және индустриялық аймақты дамыту департаменті директорының м.а.;
  • «Солтүстік» ӘКК және «KOKSHE» ӘКК жауапты қызметкерлері.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар