«Škoda мінгендердің арманы»: жаңа Octavia 2.0 4x2 Қазақстанда сатылымға шықты

«Škoda мінгендердің арманы»: жаңа Octavia 2.0 4x2 Қазақстанда сатылымға шықты
Škoda

Škoda Octavia Қазақстан нарығы үшін жаңа модификацияға ие болды. 2.0 TSI қозғалтқышы және алдыңғы жетегі бар жаңа нұсқа Еуропа нарықтарында жоғары сұранысқа ие, себебі ол динамика, үнемділік және күнделікті пайдалануға қолайлылық арасындағы тиімді теңгерімді ұсынады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жаңа нұсқа Octavia-ның жүргізу ерекшелігін толық ашуға мүмкіндік береді. Қозғалтқыш жоғары динамиканы қамтамасыз ете отырып, модельдің бүкіл әлемдегі жүргізушілер бағалайтын жайлылығы мен тиімділігін сақтайды.

Бұл – сол баяғы Octavia: эргономикасы ойластырылған, салоны кең, жүксалғышы практикалық әрі сыйымды лифтбек. Бірақ енді газ педалін сәл қаттырақ басқысы келетіндер үшін оның мінезі де айқынырақ бола түсті.

Қазақстандағы еуропалық брендтің ресми дистрибьюторының хабарлауынша, жаңа Škoda Octavia модификациясы мынадай жабдықтармен ұсынылады:

•⁠  ⁠қуаты 190 ат күшіне жететін төрт цилиндрлі турбокомпрессорлы 2.0 TSI қозғалтқышы;
•⁠  ⁠7 сатылы DSG роботтандырылған беріліс қорабы;
•⁠  ⁠алдыңғы жетек;
•⁠  ⁠100 шақырымға орташа отын шығыны – 6,1 литр;
•⁠  ⁠ең жоғары айналу моменті – 320 Нм;
•⁠  ⁠ең жоғары жылдамдығы – 228 км/сағ;
•⁠  ⁠0-ден 100 км/сағ-қа дейін үдеу – 7,3 секунд.

Бұл модификация бұған дейін ұсынылған алдыңғы жетекті үнемді 1.4 TSI қозғалтқышы бар Octavia модельдер қатарына, сондай-ақ қазақстандық тұтынушылардың көңілінен шыққан толық жетекті динамикалық 2.0 TSI нұсқасына қосылды.

Жаңа Škoda Octavia LED матрицалық фаралармен, былғары орындық қаптамасымен, цифрлық аспаптар панелімен, 13 дюймдік экраны және 8 динамигі бар мультимедиялық жүйемен, Climatronic климат-бақылау жүйесімен, SmartLink жүйесімен, проекциялық Head-up дисплейімен, жады функциясы бар алдыңғы орындықтардың электр жетегімен, орындық жастықшасының тереңдігін реттеу мүмкіндігімен, желдету және массаж функцияларымен, виртуалды педалі бар жүксалғыш қақпағының электр жетегімен, орталық қауіпсіздік жастығын қоса алғанда 10-ға дейінгі қауіпсіздік жастықтарымен және толық қысқы пакетпен жабдықталған.

Жайлылық пен қауіпсіздік

Автомобильдің пассивті және белсенді қауіпсіздік деңгейі әлемдік ең жоғары талаптар мен стандарттарға сәйкес келеді. Škoda Octavia тәуелсіз Euro NCAP қауіпсіздік сынақтарында ең жоғары баға – бес жұлдызға ие.

«Octavia модельдік қатарын кеңейту – Қазақстандағы Škoda брендінің дамуындағы заңды кезең. Біз модельдің негізгі артықшылықтарын сақтай отырып, клиенттерге пайдаланудың әртүрлі сценарийлеріне арналған шешімдер ұсынуға тырысамыз. Жаңа модификация жоғары динамиканы, үнемділікті және Škoda-ға тән практикалық қасиеттерді үйлестіріп, өз класындағы ең теңгерімді автомобильдердің бірін ұсынады», – деді Қазақстандағы Škoda дистрибуциясының басшысы Андрей Тананыкин.

Автомобильдер Қостанайдағы Allur зауытының өндірістік қуаттарында шығарылады. Škoda Қазақстанда жергілікті өндірісі жүзеге асырылатын жалғыз еуропалық автомобиль бренді болып қала береді.

Бағасы қанша?

2.0 TSI қозғалтқышы және алдыңғы жетегі бар жаңа Škoda Octavia Қазақстандағы ресми дилерлерде сатылымға шықты. Модель Selection және SportLine атты екі жинақтамада ұсынылады. Бағасы – 19 490 000 теңге.

Сонымен қатар Škoda-ның ресми дистрибьюторы брендтің барлық модельдік қатарына қолданыстағы қаржылық ұсыныстарды еске салды.

Қазақстан нарығындағы бестселлер – Škoda Kodiaq Selection және SportLine жинақтамаларында 5 млн теңгеге дейінгі жеңілдікпен ұсынылады.

Брендтің флагмандық моделі – Škoda Superb барлық жинақтамаларында 3 млн теңгеге дейінгі жеңілдікпен сатылуда.

Еуропалық қызмет көрсету стандарттары

Škoda автомобильдеріне 3 жыл немесе 100 мың шақырым кепілдік беріледі. Оның алғашқы 2 жылы жүріс шектеуінсіз қолданылады. Қазақстандағы Škoda ресми дилерлері мен сервистік орталықтары тек VAG концерні ұсынған майлар мен басқа да техникалық сұйықтықтарды, сондай-ақ еуропалық өндірістің түпнұсқа қосалқы бөлшектері мен шығын материалдарын пайдаланады.

Айта кетейік, 31 тамызға дейін Škoda-ның барлық жаңа клиенттері автомобиль сатып алған күннен бастап бір жыл ішінде сервистік қызмет көрсету мен ілеспе тауарларға 30%-ға дейінгі жеңілдік беретін бағдарламаға қатыса алады.

Škoda Octavia – еуропалық брендтің басты бестселлері әрі оның визиттік карточкасы. Модельдің өндіріліп келе жатқанына 70 жылға жуық уақыт болды. Осы уақыт ішінде әлемнің 100-ден астам елінде 7 млн-нан астам автомобиль сатылған.

Octavia және Қазақстандағы Škoda модельдік қатарының басқа да автомобильдері туралы толық ақпаратты Қазақстан аумағындағы брендтің ресми дилерлік орталықтарынан, сондай-ақ дистрибьютордың ресми сайтынан алуға болады.