СІМ ресми өкілі Айбек Смадияр қызметінен кетті

Dalanews 10 жел. 2025 00:49

Айбек Смадияр Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметін тоқтатқанын жария етті. Бұл жайында ол бүгін, 9 желтоқсанда министрліктің брифингінде айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz

Смадияр министрлікте өткізген сегіз жыл ішінде отандық және шетелдік журналистермен бірлесіп жұмыс істеген кезеңін ерекше атап өтті. Ол бұқаралық ақпарат құралдарына көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіріп, дәл осы ақпараттық ынтымақтастықтың арқасында әлем жұртшылығы Қазақстанның сыртқы саясаты мен халықаралық бастамалары туралы кеңінен хабардар болғанын жеткізді.

Сондай-ақ, Айбек Смадияр өз сөзінде ендігі еңбек жолын жекеменшік компанияда жалғастыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Көпжылдық еңбегі мен дипломатиялық саладағы үлесі үшін ол бірнеше мемлекеттік және кәсіби марапаттарға ие болған.

Айбек Смадияровтың салалық органнан кетуі — дипломатиялық ортада елеулі жаңалық. Ол жаңа қызметінде де мемлекет мүддесіне қызмет етіп, жинақтаған тәжірибесін азаматтық секторда пайдалануға ниетті екенін атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар