Іс-шараға Мемлекеттік қызметкерлер, білім саласының қызметкерлері, және полиция басқармасының қызметкерлері қатысты.Шараға Рысбекова Жанар Қасымбекқызы, Заң ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті-Басқарма мүшесі, стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры;Құсайнова Мәншүк Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры спикер болып,өзекті тақырыпқа талдау жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты: Құқықтық мәдениетті арттыру, қоғамда сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, құқық бұзушылыққа «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
- азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру, халықта тәртіпсіздіктер мен ұсақ құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру;
- халықтың нысаналы топтарын қазақстандық қоғамды дамытудың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге белсенді қатысуға ынталандыру.
Жемқорлықпен күрес ең алдымен адами фактордың таным-түсінігіне, рухани кемелділігіне байланысты. Әрбір азамат және әрбір мемлекеттік қызметшілер қандай жағдайда болмасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру керек. Сол кезде сыбайлас жемқорлықтың қоғамға төнген қауіпінен құтылармыз деп санаймыз.
Муратбаев Әлібек