ШҚО тұрғындарына көлік дөңгелегін қысқыға ауыстыруға кеңес берілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына көлікті қысқы маусымға дайындау қажет екенін еске салды.
Полиция қызметкерлері жазғы дөңгелектерді уақытылы қысқы дөңгелектерге ауыстыру, сондай-ақ, көліктің техникалық жағдайын, әсіресе, тежегіш жүйесін, жарық беру құралдарын және аккумуляторды тексеру қажет екенін мәлімдеді.
Полицейлер жаяу жүргіншілерді де сақтық шараларын естен шығармауға шақырды.
"Жолдан өткен кезде абай болыңыздар, қараңғы уақытта жарық шағылғыстырғыш элементтерді қолданыңыздар",- деді ІІМ өкілдері.