Бұл жайлы Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамубасқармасы басшысының м.а. Мақсат Мүсәпірбеков айтып өтті. Мемлекетті Жаңғыртудың үшінші деңгейіндегі өңірлерді дамытудың негізгі және басым бағыттарының бірінші басымдылығына тоқталған Мақсат Мүсәпірбековтың айтуынша, өндірістің негізгі көрсеткіштерінің үлесін қайта өңдеу өнеркәсіп өнімдері құрауда.
– Өткен жылы қайта өңдеу өнеркәсіп өндірісің көлемі 1 триллион 214 млрд. теңгені, ал физикалық көлеминдексі 100,4% құрайды. Ал облыстағы өнеркәсіптік кәсіпорындар өндірісінің физикалық көлем индексі 105% құрап, өндірістің өсу қарқыны жағынан біздің облысымыз бірінші орынға шықты. Қазақстан бойынша ФКИ көрсеткіші 99% құраған, – деді ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының м.а. Мақсат Мүсәпірбеков.
Сондай-ақ, тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді даярлаудағы өндіріс көлемі 118,2 млрд. теңгені құрады. Осыған сәйкес түсті металлдар кенндерін өндіру көлемі 33%-ға өскен.