Челенджге белсенді жастар мен өңірге танымал азаматтар қатысқан. Шараны ұйымдастырушылар осылайша ұлттық мәртебеге ие болған Республика күні мәртебесін көпшілік арасында насихаттап, жастар арасында патриоттық сезімді күшейтуді көздеген.
Челленджде облыс тұрғындарын Республика күнімен құттықтауға «Үздік жас педагог – 2022» байқауының жеңімпазы Руслан Исраилов, «Өскемен ЖЭС» серіктестігінде бастамшы топ белсендісі Сырым Өмірзақов, Өскемен қаласында Жастар ресурстық орталығының сектор басшысы Бақытжан Ербол және Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың студенттері қатысқанын айта кетуіміз керек. Осылайша челлендж 5800 адамды қамтыды.