ШҚО-ғы "Халифа Алтай" мешітінде еліміздің Президенті атынан Ауызашар берілді

Dalanews 08 сәу. 2023 15:28 307

Халифа Алтай мешітінде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан дастархан жайылып, ауызашар берілді. Бұл Ораза ұстаған барша ағайынға көрсетілген айрықша ықылас һәм құрмет.Мемлекет басшысы айтып өткендей, ислам діні ел бірлігін және қоғам тыныштығын сақтау жолында маңызды рөл атқарып келеді. "Адамзаттың бәрін сүй бауырым" деп үндеген Хакім Абай Құнанбайұлы Ислам құндылықтарын жетік біліп, Ораза ұстап, өзге діндерге құрметпен қараған. Ал, оныншы қара сөзінде «Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды» - деп көрсетеді. Дана Абайдың бұл өсиеті имандылықты, ғылым-біліммен қатар алып жүру керектігін түсіндіреді",-деді облыс әкімі Д.Ахметов. Ораза айы - жақсылық пен мейірімділік, бауырмалдық пен жанашырлық  көрінісі. Ал Халифа Алтай" мешітінде Президент атынан берілген ауызашарда облыс әкімі жиналған жандарға игі тілегін білдірді. "Руханият пен адамгершілікті ғылым мен біліммен ұштастыра отырып, біз этносаралық және конфессияаралық бірлік пен өзара түсіністікті нығайта аламыз. Қасиетті Рамазан айының әр күні сізге және Сіздің жақындарыңызға мейірімділік пен ізгілік әкелсін. Баршамызды рухани жаңарып, қанағатшыл, қайырымды және кешірімді болуға шақыратын Рамазан айы құтты болсын! Қасиетті айда Сіздерге күш-жігер, ынтымақ пен мол табыс, зор денсаулық тілеймін! Еліміздің бірлігі мен ынтымағы арта берсін!Ораза қабыл болсын!",- деді іс-шара барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов. Ауызашар алдында шақырылғандар адамдар, құлшылық ордасындағы әзірге Қазақстандағы жалғыз ислам мәдениеті мұражайындағы бірегей кітаптармен және қолжазбалармен танысты. Мұражай заманауи IT-технологиялармен жабдықталған. Айта кетейік, ауызашар Ел Президентінің атынан Қазақстанның барлық өңірлерінде ұйымдастырылған болатын. Биылғы жылы бүкіл әлемдегі мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы 29 күнге созылады, 23 наурыздан 20 сәуірге дейін. Сәуірдің 17-сінен 18-іне қараған түні-Қадыр түні. 21 сәуірде ораза айты басталады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар