ШҚО-дағы дауыс берушілер арасында жастар көп

Dalanews 20 қар. 2022 04:57 788

Таң сәріден Шығыс Қазақстандағы сайлау учаскелеріне жүздеген қала тұрғындары келді. Облыс орталығында өз дауысын беруге асыққандардың қатарында жастар көп.

Сайлау комиссиясының төрағасы Вадим Гадылгареевтің айтуынша, № 79 сайлау учаскесінде барлығы 2 мың 585 адам тіркелген, оның 3-і бақылаушылардың қатысуымен үйде дауыс беретін болады.

Сондай-ақ, ол қала тұрғындары таңертеңнен бастап дауыс беруге белсенділік танытып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, жастар да азаматтық ұстанымын көрсетіп, жарқын болашақ үшін өз таңдауларын жасауға келді. Дауыс беру рәсімінен кейін оларға алғашқы азаматтық белсенділіктерін танытқандары үшін естелік кәдесыйлар табысталды.

Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті Мәди Құдайбергенев бүгін осындай маңызды іс-шараға қатысып қана қоймай, өзінің 20 жасқа толғанын атап өтуде. Болашақта ол мұғалім болуға және мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуі үшін жұмыс істеуге ниетті.


"Иә, бүгін менің туған күнім, мен сайлауға бірінші рет келіп тұрмын, бүгін өз таңдауымды жасаймын. Менің ойымша, әр адам өз елінің болашағы үшін дауыс беруі керек", - деді жас жігіт.

18 жастағы Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің 2 курс студенті Айсұлу Асылбекова өз учаскесіне алғашқылардың бірі болып келді.

- Мен сайлауға бірінші рет қатысып отырмын, бұл мен үшін үлкен мәртебе. Мен алға қойған мақсаттарыма және жарқын болашағыма дауыс беремін. Сайлауға алғаш рет қатысқан студенттер үшін тосын сыйлар ұйымдастырылыпты. Сыйлық алғаныма да қуаныштымын. Менің ойымша, бұл күн менің есімде мәңгі сақталады", - деп бөлісті Айсұлу Асылбекова.


Жастар барлық тұрғындарды сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық борыштарын өтеуге шақырды. Естеріңізге сала кетейік, қалада сағат 20:00-ге дейін 112 ашық сайлау учаскелері жұмыс істейтін болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар