Жоба ұзақ мерзімді, қазіргі уақытта ПЭТ орталығына үй-жайларды қоса отырып, ғимаратты қайта құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.
ПЭТ-КТ орталығын, сондай-ақ персонал мен пациенттер жұмысының қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, технологиялық және қорғаныс жабдықтарының толық кешенін жарақтандыру туралы шешім қабылданды.
Өкпе, сүт безі, асқазан, гемобластоза, өңеш сияқты қатерлі ісіктердің көпшілігін диагностикалау үшін қолданылатын негізгі препарат – 18 - фтородезоксиглюклоза негізіндегі радиофармацевтикалық препараттарды, сондай-ақ простата обыры мен нейроэндокриндік ауруларды диагностикалау үшін галлий 68 радиофармацевтикалық препаратын қолдану жоспарлануда.
Ядролық медицина мамандарын даярлау Израильдің үздік клиникаларының базасында өтуде.
Бірнеше айдың ішінде онкология және хирургия орталығының 4 маманы біліктілігін арттырады, бұдан басқа өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының базасында мамандар даярлау жоспарлануда.
Бұл онкологиялық науқастарға арналған диагностикалық зерттеулердің ауқымын кеңейтуге және біздің салада ПЭТ/КТ зерттеулерін тыс жерлерге шықпай-ақ жүргізуге ықпал етеді.
Орталықтағы зерттеулер барлық пациенттерге қолжетімді болады және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ақысыз жүргізіледі.
Сонымен қатар, 1-3 хирургиялық корпустың бөлімшелерін жаңғырту жобасы шеңберінде маммографиялық скринингтің және сүт безін ерте диагностикалаудың сапасын арттыру мақсатында сүт бездерін тереңдетіп диагностикалауға мүмкіндік беретін томосинтез функциясы бар цифрлық маммографиялық жүйе сияқты заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандырылған маммологиялық орталық құру жоспарлануда. Сондай-ақ оңалту бөлімшесі ашылады, онда онкологиялық бейіндегі пациенттерге қалпына келтіру емі көрсетілетін болады. Сонымен қатар, эндоскопиялық жабдықтар паркін жаңғырта отырып, колоректальды скринингтің және ішек қатерлі ісігінің ерте диагностикасының сапасын арттыру үшін скринингтік және профилактикалық тексерулерді жақсарту мақсатында эндоскопия бөлімшесін ашу жоспарлануда.
Орталықтандырылған зертхана диагностиканың сапасын жақсартатын заманауи зертханалық жабдықтармен жабдықталатын болады, химиотерапия және радиология күндізгі стационарының бөлімшелері онкологиялық науқастарға ыңғайлы жағдайда мамандандырылған дәрілік терапияны жүргізуге мүмкіндік беретін көпфункционалды кресло-кушеткалармен жабдықталатын болады.
Аталған бөлімшелерде күрделі жөндеу жүргізіледі.
Қазіргі уақытта құрамына 20 кардиохирургия төсегі кіретін көпсалалы гематология орталығының құрылысы жалғасуда. Гематология орталығының төсек қоры 146 кереуетті құрайды.
Орталық жоғары сапалы медициналық құрылғылармен жабдықталады, оның ішінде күрделі кардиохирургиялық операцияларды орындау үшін 2 ангиограф болады. Сонымен қатар, кадрларды даярлау процесі жүріп жатыр. 2022 жылы шетелде 13 маман оқытылды, олардың ішінде 3 дәрігер-кардиохирург. 2023 жылы оқуға 6 маман, оның ішінде 1 кардиохирург жіберілді.