Қант алмақ болған ШҚО тұрғындары 30 млн теңге шығынға батты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Полицияға облыстың 19 тұрғыны өтінішпен жүгінген.
Оларға әйел қант жеткізіп беруге уәде беріп, ақшаны алғаннан кейін хабарсыз кеткен. Жалпы шығын шамамен — 30 млн теңге.
Тәртіп сақшылары алаяқтық жасады деген күдікпен 31 жастағы әйелді ұстады.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
"Сот күдіктіге үй қамағы түріндегі процесстік мәжбүрлеу шарасын қабылдады", - деп жазылған хабарламада.