ШҚО-да 11 айда жол апатынан 180 адам қаза тапты

Көркем Алдабергенова 09 жел. 2025 13:15

Шығыс Қазақстан облысында биылғы 11 ай ішінде 1093 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 180 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Прокуратура жүргізген талдау нәтижесі апаттардың 87%-ы жеңіл автокөлік жүргізушілерінің жол ережесін өрескел бұзуынан туындайтынын көрсетеді.

Жыл басынан бері мас күйінде көлік тізгіндеген 1160 жүргізуші жауапқа тартылған. Олардың 75-іне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Ал 17 жол апаты дәл осындай жағдайда жасалып, 21 адамның өмірі қиылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар