ШҚО әкімі облыс тұрғындарын ревакцинация алуға шақырды

Dalanews 14 қаң. 2022 16:24 945

Қазақстан бүкіл әлемде белең алған жаңа штамм – омикроннан туындаған коронавирустық инфекцияның кезекті толқынынан өтуде. Талдаулардың нәтижесі бойынша, барлық облыстарда жұқтырғандар санының күрт өскені байқалады. Ал, ел бойынша ауырғандар тәулігіне 10 мыңнан астам жағдайға жетті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл рейтингте Шығыс Қазақстан ең аз жұқтырғандар қатарында. Статистикаға сәйкес, 13 Қаңтарда 31 адам коронавирус жұқтырған. Салыстырмалы түрде осы күгі Нұр-Сұлтанда 5,5 мыңнан астам адам анықталған.

Тұрғындардың жауапкершілігінің арқасында Шығыс қазақстан облысы вакцинация деңгейі бойынша өңірлер арасында көш бастап тұр. Бұл аймақта ересектер, балалар мен жасөспірімдердің 98 пайызы, жүкті және бала емізетін әйелдердің 24 пайызы коронавирусқа қарсы толықтай егілді. Алайда, ұжымдық иммунитетті толық қалыптастыру арқылы ғана әдеттегі өмір салтына оралуға болатындығын естен шығармаған жөн.

Ревакцинация вируспен күресудің жалғыз тиімді әдісі болып қала береді. Мемлекет тарапынан халықтың денсаулығын қорғау мақсатында медициналық мекемелерді материалдық-техникалық жарақтандыруды қамтамасыз ету бойынша барлық шаралар қабылданды. Дегенмен, өз денсаулығын қорғау әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі болып табылады.


Облыс әкімі Даниал Ахметов шығысқазақстандықтарды қырағылықты жоғалтпауға, санитарлық нормаларды сақтап, ревакцинациядан өтуге шақырды.

– Тек біздің бірлігіміз, жауапкершілігіміз коронавирустық пандемияға қарсы тұруға көмектеседі. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз бұл індеттен қорғаңыз, – деп атап өтті аймақ басшысы өз сөзінде.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар