Шымкенттің жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына жаңа басшы келді

Dalanews 03 там. 2021 04:01 291

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы болып Балмаржан Полатқызы Нарбекова тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балмаржан Полатқызы 1988 жылы дүние келген. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ды құқықтану және экономика мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы Шымкент қаласындағы "Жастар орталығы" МКҚК директордың орынбасары болудан басталған. Кейіннен Шымкент қаласының жұмыспен қамту орталығының бөлім бастығы, Абай ауданының "Нұр Отан" партиясының төрағасының бірінші орынбасары, Қаратау ауданы әкімінің орынбасары, ОҚО Жастар саясаты мәселелер жөніндегі басқармасының басшысы, Түркістан облысының Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2019 жылдан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласының білім басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x