Шымкенттегі бір мектепте басшылар 7 миллион теңгеге жуық ақша жымқырған

Сағыныш Сардарова 15 сәу. 2024 17:49 2880

Шымкентте 6,8 миллион тенге жымқырған мектеп басшылығына қатысты соталды тергеп-тексеру басталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуратурасы тексеру барысында 6 843 837 теңге сомадағы бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады.

Бұл ақшалай қаражат 2022-2023 жылдар аралығында №73  орта мектепті жөндеу жұмыстарын жүргізуге, ғимаратты жылытып ұстау үшін көмір жеткізуге бюджеттен бөлінген.

Одан бөлек жұмыс атқармағанына қарамастан 2 қызметкерге ай сайын еңбекақы төленіп отырғаны белгілі болды.

Аудан прокуратурасы мектеп басшылығына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар