Шымкентте шығарылған ойыншықтар шетелде сатылатын болды

Dalanews 28 шіл. 2017 03:54 682

Шымкентте шығарылған пластикалық ойыншықтар шетелге экспортқа шығарылатын болды.

Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

“Наурыз Пластик” тауарлық белгісімен пайда болған өнім нарыққа осыдан бірнеше жыл бұрын кірді. Зауыт бірнеше жылдан берді шар, пирамида, лего-конструкторы сынды түрлі ойыншықтарды шығарып келеді.

Енді өндіріс орны өз өнімдерін шетел нарығына шығармақ.

“Қазақстанда жасалған” ойыншықтар Шымкент қаласы мен облыс аудандарының барлық базарларында сатылуда. Өндірушілердің сөзіне қарағанда отандық өнімнің қытай ойыншықтарымен салыстырғанда бағасы екі есе арзан. Кәсіпкерлердің айтуынша, ойыншықтар барлық халықаралық экологиялық стандарттарға сай келеді. Сапалы пластмассаның құрамында токсин жоқ. Дәл осы себепті ойыншықтар бала денсаулығына ешқандай зиян келтірмейді», – делінген хабарламада.

Ал өндіріс ошақтарын сатып алуға бөлінген ақшаны кәсіпкерлер «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы алған. Өндіріс орны айына 3 мың өнім шығарады. Оны 10 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік бар дейді кәсіпкерлер.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар