Шымкентте «Мәңгі желбіре, көк туым!» мерекелік шарасы өтті

Dalanews 07 мау. 2017 12:00 667

Салтанатты шараға облыс және қала басшылары қатысты. Шара аясында Тәуелсіздік саябағында «25 жыл - 25 көше» атты шеру өтті. Мерекеге жиналғандарды бұған қоса мемлекеттік рәміздер мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған сурет көрмесі мен «Тәуелсіздік - тұғырым!» атты сазды-хореографиялық композиция күтіп тұрды.









Айта кетейік, мемлекеттік рәміздер күні елімізде жыл сайын атап өтіледі. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет 1992 жылы бекітілген. Алтын түстес күні мен қыраны бар көк Туымыз, ортасында барша қазақстандықтың ортақ үйін білдіретін шаңырағы бар Елтаңба дүние жүзіне Қазақстан Республикасы атты жаңа Тәуелсіз елді әйгіледі. Мемлекеттік рәміздеріміздің қатарына 2006 жылдан бері Әнұран деп танылған «Менің Қазақстаным!» әні де кіреді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар