Шымкентте жаңа ипподром құрылысы басталады

Dalanews 20 там. 2020 05:15

Шымкент қаласы Бозарық тұрғын алабында заманауи стандартқа сай жаңа ипподром кешені бой көтереді. Қаланың бас жоспарына сәйкес Бәйдібек би даңғылында орналасқан қазіргі ипподром жаңа орынға көшіріледі.

Қазіргі таңда нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірлену үстінде.  Жаңа ипподром құрылысына 24 гектар жер телімі бөлінбекші.

Жобаға сәйкес жаңа нысанда – жылы жабыны бар жасанды жүгіру жолы, жаттығу алаңы, ат спорты бойынша жарыстар өткізуге арналған алаң, жабық мінбер, атқоралар, жабық манеж-шпрингартен, ветеринариялық-профилактикалық бекет, сондай-ақ құрама жемге арналған қоймалар және автотұрақ болады деп жоспарлануда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар