Шымкентте экс-шенеунік Серік Күшербеков 89 млн теңгені жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Шымкент қаласы құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Серік Күшербеков 89 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырғаны, табысты заңдастырғаны және мердігерлермен заңсыз келісімдер жасағаны үшін 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Онымен бірге құрылыс компаниясының директоры мен тағы бір бұрынғы мемлекеттік қызметкер де қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Айыпталушылар мемлекеттен 78 тұрғын үйді күрделі жөндеуге бөлінген қаражатты иемденген. Жымқырылған ақшаның бір бөлігіне Қытайдан электромобиль сатып алғаны анықталды.
Үшеуі де кінәсін мойындамағанымен, сот олардың әрекетін заңсыз деп таныды.
Электромобиль – өз алдына, бірақ сот залы – кесте бойынша.