Шымкентте автобус әйелді қағып өлтірді

Сағыныш Сардарова 08 қаз. 2025 11:07

Шымкентте автобус әйелді қағып өлтірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Otyrar.kz мәліметінше, Шымкенттегі Жібек жолы көшесінде жүргінші әйел 103-бағыттағы қоғамдық көліктің астына түсіп, мерт болған.

Қалалық полиция департаментінің алдын ала дерегі бойынша марқұм белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.

"Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Шымкент қалалық Полиция департаменті өкілі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар