Айта кетерлігі, қызғалдақтар ұлттық ою-өрнек және геометриялық фигуралар түрінде, сондай-ақ Шым шаһардың логотипі кейпінде отырғызылған. Мамандардың айтуынша, қаладағы көркем көріністер 15-20 күн аралығында ғана сақталатын болады. Сондықтан әдемі көріністерден ляззат алудан қалыс қалмауға шақырады.
Қызғалдақтар маусымынан соң орнына жалпы 14 мың шаршы метр аумаққа өзге түрлі гүл сорттары отырғызылады. Олар Шымкент қаласындағы саяқбақтар мен гүлзарлардың, қоғамдық орындардың ажарын ашатын болады.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі