Экологтар Шымкентте зиянды шығарындылардың көбейгенін айтып, мұны ескі автокөліктер санының артуымен, өндіріс көлемінің кеңеюімен және индустриялық аймақтардың дамуына байланыстырады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мәліметке сәйкес, 2023–2025 жылдар аралығында стационарлық көздерден бөлінетін шығарындылар көлемі 31,6 мың тоннадан 40 мың тоннаға дейін өскен.
Қалада 438 мыңнан астам автокөлік тіркелген. Оның ішінде 150 мыңнан астамы 20 жылдан бері пайдаланылып келеді.
«Қазгидромет» жүргізген мониторинг нәтижесі Шымкентте ауа ластануының жоғарылағанын көрсетті. Әсіресе Самал-3 және Нұрсат шағын аудандарында күкіртсутек мөлшерінің шекті деңгейден асып кеткені тіркелген.
