Кең даланың төріндегі "Шығыс салбурынын" тамашалауға параспортшылар да келді.
Ұлан ауданының тұрғыны, параспортшы Ардақ Нұрмағамбетов төрт түліктің төресі асау атты үйретуді тамашалау үшін арнайы келіпті.
- "Шығыс салбурыны" туралы жарнамалардан асау аттарды үйретуден жарыс өтетінін естіп, арнайы келдім. Темір арбам арнайы электрқұрылғымен жабдықталған. Ешкімнің көмегіне мұқтаж емеспін, шүкір, - деді үстел теннисінің шебері Ардақ Нұрмағамбетов.