Шығыстың жүлдегер спортшылары оралды

Dalanews 01 нау. 2017 03:32 753

ШҚО-ға VIII қысқы Азиада ойындарының күміс және қола медаль жүлдегерлері Сергей Черепанов пен Елена Коломина келді. Жапонияның Саппоро қаласында өткен сайыста жақсы нәтижеге қол жеткізіп, жүлделі қайтқан спортшыларды шығыс жұрты құшақ жая қарсы алды.

Айта кетсек, аталмыш ойындарға ел құрамасының қатарына Шығыс Қазақстаннан 6 спорт түрі бойынша 22 спортшы аттанған.

– Әрдайым қолдау білдіріп отырған қазақстандық жанкүйерлерге айтар алғысым шексіз. Ойын барысы өте қиын болды. Ауа-райы да қолайлы болды деп айта алмаймын, – деді Сергей Черепанов.

Шығыс Қазақстаннан аттанған Сергей Черепанов екі күміс медаль иеленсе, Елена Коломина екі күміс және бір қола медаль еншілеген. Дегенмен спортшылар маусым соңына дейін тағы бірер сайысқа қатысатындықтарын жеткізді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар