Шығыстану мамандығы - болашаққа жаңа бағыт

Dalanews 18 сәу. 2017 12:47 392

 

 Мен, Аягөз қаласында туып өстім, №5 мектепті тәмамдадым. 2011-2012 жылдарда Қытайда Үрімші қаласында орта білімді оқу оқыдым. Білім алу кезінде қытай тілін үйрендім.Қытай мәдениетін, халықтарының тұрмысымен, салт-дәстүрімен таныстым.

Қазірде Қазақстандағы жоғары сатыдағы, тарихы 1934 жылдан бастау алатын, білімі жағынан да жоғары, талай түлектердің арманына айналған Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студентімін.

Университет құрамында 14 факультет, 98 кафедра, 20 ғылыми зерттеу институттары мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады. 2000- нан астам профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары мен академиктер жұмыс жасайды.

Факультетте қытай тілінен өзге корей, жапон, парсы, араб, түрік тілдерін үйретеді. ҚазҰУ- не тән ерекшелік- студенттер студенттер III- курсты Қытайдың Лянджоу қаласында жалғастырып, сол елдің дипломын да алып шыға алады.

Менің шығыстану факультетін, яғни қытай тілін, қытай тарихын оқытуды таңдаған себебім, алған білімімен Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі мен дамуы үшін өз үлесімді қоссам деймін. Сондықтан бізге дәріс беріп жатқан ұстаздар қауымына, соның ішінде Шарыпқазы Н. аға-кураторыма рахмет айтып, шексіз алғысымды білдіргім келеді.

 

 

                                                                                            Дастанбекқызы Гүлім,


                                                                                    ҚазҰУ-нің IV-курс студенті.


Жетекші: Шәріпқазы Нұртәліп


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар