Шығыста жыл соңына дейін 150 мың түп көшет көшеттерін отырғызылады

Dalanews 12 қаз. 2019 13:18 736

Шығыс Қазақстан облысында ағаш отырғызу бойынша республикалық акция өтті. Шараға өңірдегі мәслихат депутаттары, өнер қайраткерлері, блогерлер, қоғам қайраткерлері, спортсмендер мен БАҚ өкілдері, студенттер мен қала тұрғындары белсене қатысты.

Аталмыш республикалық акция ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылғаны белгілі. Басты мақсат – елімізді көгалдандыру жұмыстарын жүргізу. ШҚО-дағы  табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Мұрат Құсайновтың айтуынша, бүгін аймақта 6 мың түп көшет отырғызылды.

– Біз орман шаруашылығынан 13 түрлі ағашты әкелдік. Өскемендегі Есенберлина даңғылында 1100 түп, оның ішінде қайың мен қылқан жапырақты ағаштар бар.


Жалпы, көшеттерді егу жұмыстары көктемде басталды. Сол кезде 132,8 мың түп отырғызылды. Таяуда облыстағы барлық мектепте экологиялық сағаттар өткізілді. Оған қатысушылар 4 мың түп ағаш көшетін екті. Ағымдағы жыл соңына дейін 150 мың түп ағаш көшеттерін отырғызуды жоспарлап отырмыз.

Айта кетейік, бүгін облыс көлемінде сенбіліктер ұйымдастырылды. Шара барысында көпшілікқауым тек қана көшет отырғызған жоқ, соынмен қатар санитарлық тазалық жұмыстарында белсене жүргізілді.

– Осы ағаштар өскен кезде қаламыз бұрынғыдан да көркейе түседі. Біз өзіміз тұрып жатқан жердің экологиясын сақтауымыз керек. Өйткені бұл бізден басқа ешкімге керек емес, – деді «Экосервис-С» ЖШС-нің директоры Ерік Сандыбаев.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар