Шығыс тұрғындары өңірді қоқыстан тазартуда белсенділік танытуда

Dalanews 03 там. 2019 11:46 247

#Birge #TazaQazaqstan хэштегін арқау еткен акция аясында Шығыс Қазақстанда 70 су қоймасы тазартылды.


Шығыс Қазақстанда екінші апта бойына #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы өтуде.



Осы уақытта аймақтағы су қоймалары мен тұрғындар демалатын орындардан бірнеше тонна қоқыс жиналып, толық тазартылды.


Бұл жолғы акцияға 30 мыңнан аса адам атсалысты. Экологиялық бастамаға қатысуда Семей қаласы белсенділік танытуда. Қаланы қоқыстан тазартуға 13 мыңға тарта тұрғын білек сыбана араласты. 


Өскемен қаласын қоқыстан тазартуға 7350 адам қатысып, қоқыс жиналып қалған арықтардың көзін аршылды. 


Челленжге қатысқандардың арасында Алтай ауданы азаматтары ұйымшылдық танытты. Ауданды қоқыстан арылтуда 2312 тұрғынның көп көмегі тиді. 


Осы жолғы науқан аясында өңірдегі 70 су қоймасы тазартылды, оның ішінде Үлбі, Ертіс, Шаған, Аягөз, Жанама өзендерінің жиегі, Алайғыр тұмасы, Қарашоқы, Балықтыкөл, Шалқар көлдерінің жағалары  қоқыстан тазартылды. 



Бүгін шығысқазақстандықтар 740 тонна немесе 2960 текше метр қоқыс жинады. Акция апта сайын қыркүйек айының аяғына дейін өтеді.


Тұрғындар осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстанда қоқыс атаулыдан арылтып, өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға үлесін қоспақ.


– Онколог дәрігерлер ретінде адам денсаулығы мен қоршаған ортаның тазалығы тығыз байланысты екенін жақсы білеміщ. Осы себепті де осынау науқанға белсенді түрде атсалысқан жайымыз бар.



Бұл бір күндік науқан емес. Өңірді қоқыстан тазарту бастамасына апта сайын қатысатын боламыз. Осы арқылы Шығысты ғана емес, күллі Қазақстанды тазартуға, ең алдымен азаматтардың тазалық мәдениетін қалыптастыруға өз үлесімізді қосқымыз келеді. Табиғатты таза ұстасақ денсаулығымыз да мықты болады, – дейді бұл ретте Шығыс Қазақстан облыстық Онкология және хирургия орталығы директорының орынбасары Арман Мұқажанов. 


Айта кетелік #Birge #TazaQazaqstan акциясы 27-ші шілдеде бастау алған. Осы аралықта барлығы 800 тоннадан аса қоқыс жиналды. 



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x