Шығыс Қазақстанда дарынды балаларға арналған екі мектеп ашылады

Dalanews 28 там. 2019 13:01 988

Шығыс Қазақстанда үздік әлемдік технологиялар қолданылатын инновациялық мектептер ашылады.

Бұл жөнінде облыстық білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясында облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді. Аймақ басшысы облыстық мектептердің цифрландыру жүйесіне толықтай көшу қажеттілігін, мамандардың біліктілігін арттыру мәселесін алға тартты.

Аймақтағы білім ордаларында ғылымға ден қоюға негіз бар. Мектептер IT сыныптармен жабдықталған,ал педагогтардың білімі жоғары.

Мысалы, қаладағы 25-ші арнайы лицейде  балалар ұшқышсыз ұшақтарды басқаруға арналған бағдарламаларды игеруде.

Шығыс Қазақстан білім беру саласында ел бойынша үзіктердің қатарынан түспей келеді. Өлкеде алғаш болып үш тілділік жүйесі енгізіліп, тұңғыш рет рет барлық мектептер жаппай  IT- сыныптармен жабдықталды.


Енді осы қолда бар мүмкіндікті ары қарай жетілдіру қажет. Соңғы екі жылда 1125 мұғалім қайта даярлықтан өтіп, «ІТ маманы» деген мамандыққа ие болды. Бұның барлығы он нәтижесін беруде.



Осы ретте облыс орталығы Өскемен қаласында  Skills for geeks және ІТ-хакатон Jastar Time чемпионттары өттіп, жас білікті мамандар өздерінің озық технологиялық жобаларын қорғады. Жастардың заманауи ойларына қолдау білдіріп, тәжірибелік көмек көрсету мақсатында Jastar Time заманауи инновациялық орталығы ашылған болатын.

– Ағымдағы жылы Семей қаласындағы инновациялық мектептің жобалық жоспарын жасау қажет. Сонымен қатар Өскемен қаласындағы жаңа 19 шағын ауданда дарынды балаларға арналған 700 орындық математикалық мектеп ашу қажет, - деді ШҚО әкімі.

Сонымен қатар тілдік пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мәселесіне басымдылық берілмек. Жиын барысында  үздік ұстаздар марапатталып,10 мұғалімге пәтер кілті табысталды. Самар ауылының мектебі мен Семейдің электротехникалық колледжі  үздік оқу орны деп танылып, әрқайсысы 34 миллион теңгенің грантын иеленді.

Әсем Жылқышева, Өскемен қаласы




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар