Шығармашылық нысандар салықтық жеңілдікке ие болды – Айда Балаева

Dalanews 11 қаң. 2024 01:51 1035

ҚР Мәденеиет және ақпарат министрі Айда Балаева өзінің Фейсбук парақшасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың креативті индустрияны дамыту жөніндегі тапсырмасына орай, шығармашылық нысандарға салынатын салықты жеңілдету мақсатында бірқатар жұмыстарды жүргізіп жтқанын алға тартты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Мемлекет басшысының креативті индустрияны дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірге кешенді жұмыс жүргіздік.

Негізгі мақсатымыз шығармашылық субъектілеріне салықты жеңілдету болатын.

Осы кешенді жұмыстың нәтижесінде Үкімет ( ҚР ҮҚ #1240 29.12.2023 ж.) қаулы қабылдады. Қаулыға сәйкес 40 қызмет түрі арнайы бөлшек салық режиміне өтті.

Бұл – дегеніміз бизнес КТС, жеке табыс салығы, ҚҚС төлеуден босатылғанын білдіреді. Аталған қызмет түрлерімен айналысатын субъектілер енді  бірыңғай салықты ғана төлейді.

Бұл жеке кәсіпкерлер үшін 2%-дан 4%-ға дейін, ЖШС үшін 8%-ға дейін болады. Тек компанияның жылдық айналымы 2,2 миллиард теңгеден аспауы, ал штатта 200 адамнан көп болмауы қажет.


Салықты жеңілдету кино, бейнеконтент пен телебағдарламаларды өндіруге және одан кейінгі өндіріске, музыкалық шығармаларға дыбыс жазу мен басып шығаруға, театр және музей өнеріне, сәулет және дизайнға, қолөнер бұйымдарына, халық шығармашылығына және кәдесыйлар өндірісіне әсер етеді.

Осы қолдау шарасын әзірлеу барысында халықаралық тәжірибені мұқият талдағанымызды атап өткім келеді. Ең озық елдердің (Ұлыбритания, Германия, Оңтүстік Корея) тәжірибесі креативті индустрияны дамыту үшін салықты  жеңілдетуге ерекше мән беру керектігін көрсетеді.

Аталған жұмыс саланы ауқымды дамытуға бағытталған алғашқы қадамдардың бірі.

Бұл осы саладағы игілікті бастамалардың бірі деп білеміз.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар