Қазақ - тек, қан тазалығын сақтайтын халықтың бірі. Журналистің айтуынша, шетелдіктерді ді қызықтыратын - осы жайт.
"Неге біздің елден қазақтың балаларын шетелдіктер көп асырап алды? Олар біздің тегіміздің тазалығына қызыққан және қазақтың қыздары, әйелдері балаларын тастаса, ішкендіктен, басқа жолға түскендіктен емес, тұрмыс тауқыметінің өте ауырлығынан тастаған. Сондықтан баланың ағзасы, гені таза деп бізге келген", - дейді журналист.
Қымбат Досжан Жәнібектің ісінде де түсініксіз тұсы көп екенін жеткізді.
"Неге сол кезде бала көп кетті дегенге келетін болсақ, 90-жылдары сол кездегі заң бойынша шетелдіктер баланы көп асырап алған. 98 жылы "Неке және отбасы" заңы қабылданған кезде оған түзетулер енгізіледі. Сол кезде соттың шешімімен беріле бастайды.
Ал 90-жылдардың басында әр әкімдік, Қостанай облыстық дейік, Қызылорда облыстық дейік, облыстық, қалалық әкімдіктер өздері шешім шығарып, баланы беріп жібере беретін болған. Ол кезде әлі ЖСН шыққан жоқ. Балалардың тізімі, ортақ базасы болған жоқ. 98 жылы "Неке және отбасы" заңы қабылданған кезде соттың шешімімен берілсін деген түзету енгізген.
Бірақ Жәнібек баламызды жіберер кезде, бір ғана нәрсені айтайын, биологиялық анасы есімін өтірік жазып кетсе де, ана жерде жоқтығы. Бала ауадан туған бала секілді. Олай болмауы керек қой", - дейді журналист.
https://dalanews.kz/sadak/97487-eski-qazaqstannyng-okili-turkiia-zher