Шерзаттың өлімінде тек екі адамға ауыр айып тағылған

Көркем Алдабергенова 10 сәу. 2025 15:35 727

Талғардағы қанды оқиға кезінде қаза тапқан Шерзат Болаттың өліміне күдікті ретінде ауыр айып тек екі адамға тағылған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев хабарлады. 

"Екі күдіктіге: Шынасыл Абзал мен Сәкеев Равильге айып тағылып отыр. Қалған жеті күдіктінің ісі “бұзақылық” бабымен қаралады. Мемлекеттік айыптаушының айтқаны сол. Ол іс материалдарымен үйлеседі деп ойлаймыз. Біз, жәбірленуші тарап онымен келіспейміз. Бірақ ол мемлекеттік айыптау актісі", дейді Шекеев. 

Еске салайық, бүгін Талдықорғанда Шерзат ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті.

“Сот отырысына қатысушылардың пікірлерін ескере отырып, сот бұл іс бойынша сот талқылауын ашық режимде өткізу туралы шешім қабылдады”, — деді Жоғарғы Сот.

Трансляция Жоғарғы Соттың YouTube арнасында өтті. 

Айта кетейік, бұған дейін Жоғарғы сот Шерзат Болат ісі бойынша сот отырысы неліктен Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтетінін түсіндірген еді. 

“Айып тағылған тоғыз адам Талдықорғандағы тергеу изоляторында қамауда отыр. Соған байланысты сот отырысы Жетісу облысында өтеді”, — деді олар.

Сонымен қатар, Шерзат Болат тарапының адвокаты Мейірман Шекеев бүгінгі сот отырысында оқылған айыптау актіне қатысты ойын айтты


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар