Шерзат Полаттың әкесі ұлының өлімі үшін берілетін өтемақыны балалар үйіне аудармақ

Қаракөз Амантай 12 мау. 2025 18:05

Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов ұлының өлімі үшін сот белгілеген 660 миллион теңге өтемақыны өз қажетіне жаратпай, балалар үйіне аудармақ. Бұл туралы отбасының адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Қаржаубай – көп сөйлемейтін, мінезі тұйық, бірақ өте адал адам. Мен оның турашылдығына ерекше құрметпен қараймын. Алғаш кездескенімізде маған: “Маған қылмыскерлердің жаза алып, алмауы маңызды емес. Бастысы – олар Шерзаттың атына кір келтірмесін. Ұлымның арын таптамауын ғана қалаймын”, – деген еді , – дейді адвокат.

Алайда Шекеев өтемақы талап етпесе, сотталғандар шартты жаза алып кетуі мүмкін екенін түсіндіргеннен кейін, Қаржаубай Нұрымов 660 миллион теңге көлеміндегі өтемақыны талап етуге келіскен. Бірақ ол бұл ақшаны жеке пайдасына емес, балалар үйіне аударуды ұйғарған.

Еске салайық, бұған дейін Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процесінде адвокаттар айыпталушылардан талап етілетін моралдық өтемақының сомасын оқып берген еді.

  • Бірінші, Шынасыл Абзалдан Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына ұлының жерлеу рәсіміне қатысты жұмсалған шығын өтеуі ретінде 2 миллион 794 мың теңге мөлшерінде соманы өндіруді;
  • Екінші, Шынасыл Абзал және Равиль Сәкиевтен ортақтасқан, яғни үлестік түрде Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына қылмыстық құқық бұзушылықтың моральдық зиянының өтеуі ретінде 100 миллион теңге мөлшерінде өтемақы өндіруді;
  • Үшінші, Шынасыл Абзал мен Равиль Сәкиевтен ортақтасқан үлестік түрде Бишимбиева Гүлбараның пайдасына қылмыстық құқық бұзушылықтың моральдық зиянының өтеуі ретінде 100 миллион теңге өтемақы өндіруді;
  • Төртінші, Шынасыл Абзал және Сәкиев Равильден ортақтасқан үлестік нормада Жұмабике Қадырованың қылмыстық құқық бұзушылық келтірген моральдық зиянының өтеуі ретінде 100 миллион теңге өтемақы өндіруді сұраймыз, – деді жәбірленушілердің адвокаттары.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар