Шерзат Болат ісі: сот үкімі өзгеріссіз қалды

Самал Асқар 14 сәу. 2026 17:24

Талғар ауданында жасөспірім Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Dala News.

Кассациялық сот Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахметке қатысты бұрын шығарылған үкімді күшінде қалдырған.

Сот мәліметінше, 2024 жылдың қазан айында олар басқа тұлғалармен бірге топтық төбелеске қатысқан. Жанжал барысында айыпталушылар жәбірленушілерге күш қолданғаны айтылды.

Іс материалдарына сәйкес, олардың бірі пышақпен қорқытып, тас лақтырған. Соның салдарынан жәбірленушілердің бірі есінен танып қалған. Кейін осы жағдайды пайдаланып, оның ұялы телефоны ұрланғаны көрсетілген.

Кассациялық шағымда сотталғандар өз кінәсін жоққа шығарған. Алайда сот бұл уәждерді негізсіз деп танып, олардың топ құрамында әрекет еткенін және төбелеске белсенді қатысқанын атап өтті.

Нәтижесінде сот актілері өзгеріссіз қалдырылды.

Үкімге сәйкес, Азамат Тоқтаубаев бұзақылық және ұрлық үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал Дидар Қалиахмет бұзақылық үшін 7 жылға сотталған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove