Шенеунік коммуналдық төлемге ай сайын қанша жұмсайтынын айтты

Қаракөз Амантай 05 нау. 2024 14:22 2914

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров ай сайын коммуналдық төлемге қанша ақша төлейтінін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Үкімет брифингінде БАҚ өкілдері Нұрлан Байбазаровтан қаңтарда коммуналдық қызметке қанша төлегенін сұрады.

"Мен түбіртекті тексерген жоқпын. Бірақ басқалар сияқты менде де бағасы өскенін білемін. Нақты айта алмаймын... 100 мың теңге шамасында", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда коммуналдық төлем қымбаттағаны туралы хабарлама тарап еді. Әлеуметтік желіде жұрт жылу, ыстық су, электр қуатына шыққан ақының екі есе өскенін жарыса жазған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар