Құрылтай депутаттарын сайлау үшін Қазақстанның шетелдегі мекемелері жанынан 61 мемлекетте 79 сайлау учаскесі ашылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтің мәліметінше, шетелде дауыс беруге тіркелген қазақстандықтардың жалпы саны - 11 402 адам.
"Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша шетелде 26 сайлау учаскесі ашылды. Алғашқылардың бірі болып Астана уақытымен сағат 03:00-де Токио мен Сеулдегі отандастарымыз дауыс берді", - деді ол.
Қазір шетелдегі сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасаған қазақстандықтар саны 228 адамға жеткен.