Сенат Қазақстан мен Австрия арасындағы заңсыз жүрген адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу туралы келісімді ратификациялады деп хабарлайды Dala News.
Құжат екі елдің заңсыз көші қонға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастығын дамытуға бағытталған.
Келісім бойынша елде заңсыз жүрген адамдарды қайтару тәртібі белгіленеді. Сондай ақ азаматтарды немесе азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау, беру және транзиттеу рәсімдері айқындалады.
Сонымен қатар екі мемлекеттің құзыретті органдары арасында өзара іс қимыл тетіктері қарастырылған.
Келісім заңсыз көші қонға қарсы күрестің тиімділігін арттырып, адамдарды қайтарудың ашық құқықтық механизмін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
