Freedom Inside '26

Сенат Жоғарғы соттың үш судьясын қызметтен босатты

Сенат Жоғарғы соттың үш судьясын қызметтен босатты
pixabay.com

Қазақстан Сенаты Жоғарғы соттың үш судьясын қызметтен босату туралы шешім қабылдады деп хабарлайды Dala News.

Президенттің ұсынысымен Сенат депутаттары Жоғарғы сот судьялары Аскаржан Кенжегарин, Газиза Мусабекова және Бейбут Шермухаметовті қызметтен босатуды қолдап дауыс берді.

Мәселе алдын ала Сенаттың бейінді комитетінде қаралған.

Депутаттар комитет қорытындысымен танысып, ұсынысты қолдады.