Семейдің 120 әскери қызметкері жаңа пәтерлерге ие болды

Dalanews 07 ақп. 2018 16:50 878

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов Семей гарнизонның 120 әскери қызметкеріне жаңа пәтерлердің салтанатты түрде кілттерін табыс етті. Шығыс Қазақстанда тұрғын үй құрылысына ерекше назар аударылып отырғанын атап өткен аймақ басшысы облыста өткен жылы ғана 243 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілгенін тілге тиек етті.

Семейде 60 пәтерлі екі тұрғын үйі пайдалануға берілді. Юность ауданында салынған жаңа қызмет пәтердің кілттері Семей гарнизоны «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлеріне табысталды. Ондағы екі бөлмелі пәтерлер бір-екі баласы бар, ал үш бөлмелі пәтерлер үштен жоғары балалары бар отбасыларға арналған. Қоныс иелерін жаңа баспаналарымен құттықтаған аймақ басшысы, бұл тұрғын үйлер Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерді қызметтік пәтерлермен қамтамасыз ету жоспары аясында салынғанын жеткізді.

– Мен жаңа қоныс иелерін бүгінгі қуанышты күнмен құттықтаймын. Өйткені, жаңа баспанаға қол жеткізу – бұл үлкен мереке және бұл әскери қызметкерлерді қызметтік пәтерлермен қамтамасыз ету жөніндегі Қорғаныс министрлігінің жоспары аясында іске асырылып отыр. Соның арқасында міне бүгін облыста 120-дан астам пәтер қолданысқа берілді. Жаңа үйлердің шаңырағына бақыт тілеймін. Өйткені сіздерге Отанымызды қорғау дейтін аса мәртебелі міндет жүктелген. Сіздер сол сенімді айқтайсыздар деп ойлаймын, – деді Даниал Ахметов.

Жалпы, Президент тапсырысына сәйкес еліміздің қорғаныс саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлерді жан-жақты әлеуметтік қолдау үшін нақты жұмыстар атқарылуда. Әскери қызметкерлердің отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету осы бағыттағы маңызды істердің бірі болып табылады. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру аясында Семейдің әскери бөлімдері шоғырланған Юность кентінде төрт тұрғын үй салынған.

 

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

https://dalanews.kz/33465

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар