Мамандардың айтуынша, Ертіс өзеніндегі судың деңгейі 506 см көтерілген. Егер су деңгейі 450 см асса қауіпті жағдай болып саналатыны белгігілі. Осыны назарға алған құтқарушылар «Полковничий» аралынын мекендейтін 103 адамды бүгінде қауіпсіз жерге көшіріп үлгерді. Олардың 25 бала екенін айта кетуіміз керек.
Үйлерінен уақытша көшірілген тұрғындарды қаладағы екі қонақ үйге орналастырып, үш мезгіл ас-суын берілуде. Сонымен қатар қаланың төтенше жағдайлар қызметі су тасқынының зардабын барынша төмендету үшін күні-түні демей жұмыс істеп жатыр.
Осылайша Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов бастаған шаһардың азаматтық қорғаныс қызметінің қызметкерлері тасқын судың алдын алуға бар күш-жігерлерін жұмсауда. Құтақрушылар 16 техниканың көмегімен «Полковничий» аралын суға бермеудің қамын жасағанын айта кетуіміз керек.
Тасқын судың етекке тез ағып кетуі үшін өзен бетіндегі мұздарды жару жұмыстарына «Востоквзрывпром» мекемесінің қызметкерлері де тартылған.