Семей ядролық сынақ полигонынан сыр шертетін музей

Dalanews 23 қар. 2023 06:50 1515

Курчатов қаласындағы ұлттық ядролық орталық ішінде Семей ядролық сынақ полигонының деректерінен хабар беретін  Музей жұмыс істеуде.  1972 жылы 52605 әскери бөлімінің негізінде құрылған. Бұл Қазақстандағы жалғыз мұражай, Курчатов қаласында институт ғимаратында орналасқан.

КСРО кезінде ядролық жарылыстар болған, сынақтар жүрген «Дегелең», «Балапан», «Опытное поле» сияқты алаңдардан  көріністер то­лық қамтылған.

Музей қорында 100-ден астам түрлі естеліктер, экспонаттар, карталар, фото және бейнематериалдар бар. Сынақ алаң­дарынан тікелей әкелінген деректі заттардың барлығы да осында. «Ұлттық қасіреттен-ұлттық мақтанышқа дейін» деп аталатын экспозиция залында Ұлттық ядролық орталықтың тарихы кеңінен қамтылған. «Токамак» КТМ, «Байкал-1» КИР, пилотсыз басқарудағы жабдық, қазіргі таңдағы заманауи өлшеуіш-есептегіш және кәсіпорынның марапаттары мен наградалары да осы музейден орын алған.



Мұражай Қазақстан тұрғындары мен шетелдік қонақтар арасында өте танымал.

Жұмыс барысында СЯП мұражайына 30-ға жуық елдің, соның ішінде Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Германия, Англия, Оңтүстік Африка, Финляндия, Канада, Қытай, Жапония, Литва, АҚШ, Египет, Франция, Индонезия, Бразилия, Австрия елдерінің өкілдері келіп танысып қайтқан болатын.



Полигондағы ең танымал туристік маршруттар - "пилоттық алаң"және" Атом көлі". Соңғы үш жылда полигон нысандарында 100-ден астам экскурсия өткізілді.

 

Қуаныш Рахметоллаұлы

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар