Семей соты Жәкішевтің арызын неге кері қайтарғанын түсіндірді

Dalanews 25 шіл. 2019 07:13 684

Семей соты Мұхтар Жәкішевтің мерзімінен бұрын босатуды сұраған өтінішін кезекті рет неге кері қайтарғанын түсіндірді, деп хабарлайды Dalanews.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың мәліметінше, Жәкішев бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша айыпты деп танылған. Атап айтқанда, бөтеннің мүлкін ұрлау, пара алу, алаяқтық жасау, қызмет бабын асыра пайдалану, құжаттарды қолдан жасау сынды баптармен сотталып, оған 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілген
- ҚР Конституциясының 76-бабы, 3-тармағы бойынша соттың шешімдері, үкімдері және басқа да жарғылары мұқым Қазақстан территориясында заңды күшінде болып танылады. ҚР Қылмыстық-процессуальдық кодекстің 472-бабы, 1-тармағы бойынша заңды күшіне енген үкім барлығына міндетті және қатаң түрде орындалуға жатады. ҚР Қылмыстық-процессуальдық кодекстің 72-бабы, 1-тармағы бойынша бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеп жатқан адам заңда белгіленген мерзімнен бұрын шартты түрде босатылуы мүмкін. Осыған сәйкес, белгіленген уақытының 2/3 бөлігін өткерген Жәкішев сотқа өзін мерзімінен бұрын босатуды сұрап, өтініш түсірді, - делінген хабарламада.

24 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының №2 сотында сотталушының өтініші қанағаттандырылмағаны туралы үкім шықты.
- Қылмыстық заңдағы шарттың бірі бойынша келтірілген залалдың орнын толтырған жағдайда сотталушыны мерзімінен бұрын босату өтінішін қарайды. Бұл арадағы жалпы шығын 99,6 млрд теңгені құрайды. Жәкішевке келтірілген осы залалды өтемеген. Осы фактіні сот назарға ала отырып, оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартуға түрткі болды, - деп атап өтті соттағылар.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар