Ширек ғасыр тарихы арна халықтың көзі, құлағы Һәм тілі болып келеді.
Жарты ғасырдан астам уақыт бойы ақпараттар айдынында қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан арнаның қызметіне Семейдің әлеуметтік- экономикалық, мәдени дамуы, семейліктердің тыныс-тіршілігі, ел өміріндегі өзгерістер арқау болуда.
Бүгінде тәулігіне 14 сағат бойы елге хабар таратып отырған арнаның ақпараттық өнімдері арна сайтымен қатар, еліміздегі танымал әлеуметтік желілерге жарияланып тұрады.
Арна өнімдерінің үлес салмағы 56.39 пайыз, Мемлекеттік тілдегі хабарлардың көлемі 77,98 пайызға жетті. Атап өтерлігі «SEMEI»телеарнасы 2 жыл бұрын ID-TV арқылы хабар таратса, 1 жыл бұрын Отау ТВ желісіне қосылды.
Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап арна цифрлы хабар таратуға көшті.
Таныстырылым барысында арнадағы биылғы жаңа жобалар көпшілік назарына ұсынылды. Биылғы маусымда арна журналистері «Менің Абайым», «Ақындар антологиясы», «Ғаламтор», «Интернет», «Шұғыл қызмет» бағдарламаларын көрермен назарына ұсынбақ. 1965 жылдың 1 қыркүйегінде Семей телестудиясының алғашқы ресми хабары эфирге шықты.
Бұл республикадағы Алматы, Қарағанды, Өскемен телевизиялық студияларынан кейінгі төртінші одақ бойынша 116 студия еді . 2020 жылы «SEMEI»телеарнасы үшін айрықша жыл болмақ. Арнаның құрылғанына 55 жыл толады.
Алаш қайраткерлерінің бірі- М.Дулатов: «Семей-бір губерния елдің миы, ақыл-ойының табысы» деп әділ баға берген. Жарты ғасырдан астам тарихы бар «SEMEI» арнасы осы бағаға лайық болуға тырысып келеді
Қуаныш Рахметоллаұлы